Коронавирус пневмониясынан тағы 3 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте 321 адамның пневмониямен ауырғаны анықталды

Фото: ашық дереккөзден

14 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен тәулікте 321 адамның коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырғаны анықталды. 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса, 269 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері аталған індетпен ауырғандар саны - 35 234 адам. 373 науқас қайтыс болды, ал жазылып шыққандар саны 27 978-ге жетті.