Оны әйелі тастап кеткен
Өскемен қаласында ер адам көпірден секірмек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«43 жастағы ер адам понтон көпірінен секірмек болған. Осы кезде сол маңайда қайықпен іздестіру жұмыстарын жүргізіп жүрген құтқарушылар көпірдегі азаматты байқап қалып, әріптестерін көмекке шақырады. Бірден келіп жеткен Өскемен қаласы Полиция басқармасының потрульдік полицейлері оны көпір жақтауынан алып шықты», - деп жазылған хабарламада.
Ер адам өзін әйелі мен балаларының тастап кеткенін айтты.