Жамбыл облысында әкелі-балалы алаяқтар 10 кәсіпорынды алдаған

Күдіктілердің бұрын да сотты болғаны анықталды

Жамбыл облысында әкелі-балалы алаяқтар 10 кәсіпорынды алдаған
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында әкелі-балалы алаяқтар 10 кәсіпорынды алдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің тергеушілері екі адамнан, яғни әкесі мен ұлынан тұратын алаяқтардың тағы бір әрекетінің жолын кесті. Олар аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету түрінде «Ұрпақ» қоғамдық қорының атын жамылып, 10-нан астам түрлі кәсіпорындардың басшыларынан ақша алған. Бұл ретте айлакер туыстар жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдардың көмекшілері екенін және солардың тапсырмасы бойынша әрекет етіп жүргендерін айтады.

Тергеу нәтижесінде олардың бірнеше рет ірі көлемде алаяқтық жасағаны анықталды, ал жиналған қаражатты жеке қажеттіліктеріне пайдаланған. Бұрын күдіктілер осындай қылмыстары үшін сотты болған.

Жамбыл облысының Полиция департаменті осындай алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен барлық азаматтардан өтініш білдіруді сұрайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.