Ол бұрын алған парасын қайтарып бермек болған кезде ұсталған
Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, Бостандық ауданының судьясын қолға түсірді.
«Судья азаматтық іс бойынша шешімді кейінге қалдырғаны үшін бұрын алған 3 мың АҚШ доллары көлемінде параны сенім берілген тұлға арқылы қайтару кезінде әшкереленген. Ағымдағы жылдың 9 қарашасында қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас прокурордың келісімі алынды», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.