Нұр-Сұлтанға келген әуе жолаушыларының бірінен COVID-19 анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанға келген әуе жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген. Ол әуежайдан карантин стационарына жеткізіліп, қажетті зертханалық тексерулерден өтті.

Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері сараптама алған соң 4 сағаттан кейін дайын болған. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды.

Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ер адам дәрігерлердің бақылауында.