Қайнаған суды сырттан тасыдық: депутаттар Нұр-Сұлтанда жарықсыз қалған күндері туралы

Автор: Azattyq Rýhy

9-11 қараша күндері елордада жарықсыз қалған сол жағалаудағы нысандардың ішінде «Нұрсая» тұрғын үй кешені де болған

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Azattyq Ruhy» тілшісіне Нұр-Сұлтанның сол жағалауында жарық сөніп қалғанда қандай проблемаларға тап болғанын айтып берді. Олардың көбі Қонаев-Орынбор көшелерінің қиылысындағы «Нұрсая» тұрғын үй кешенінде тұрады.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы депуттатық тобының мүшесі Ахмет Мұрадовтың жұбайы жарық болмаған уақытта далаға шықпаған. Ал өзі қайнаған суды сырттан тасыған. Депутат елорданың орталығында болған «апокалипсис» әкімдіктің қысқа дайын еместігін көрсетті дейді.

Оқи отырыңыз: Елорданы жарықсыз қалдырған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ал депутат Айгүл Нұркина өзі тұрып жатқан «Нұрсая-1» тұрғын үй кешенінде жарық сөнбегенін айтты.

Айта кетейік, 10 қараша күні Нұр-Сұлтандағы «Левебережье» подстанциясында ақау болып, 9 тұрғын үй мен Ақорда, Парламент, Министрліктер үйі сияқты ғимараттар жарықсыз қалған болатын. Әкімдік электр желілерінің жұмысын тек 11 қараша кешке толық қалпына келтіріп бітті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарықтың ажыратылуына кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырған. Қазір өрт қауіпсіздігін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. 

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан