20 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді
Алматыда 20 жастағы жігіт үшінші қабаттағы балконнан секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Оқиға 11 қазан күні таңертең болған. 2000 жылы дүниеге келген жігіт үшінші қабаттағы балконнан секіріп кеткен. Ол ауруханаға жеткізілді. Жігіттің айтуынша, ол қызымен ұрысып қалғаннан кейін осындай әрекетке барған», - деп жазылған ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.