Нұр-Сұлтанда интимдік қызмет көрсетіп келген массаж салоны анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Салон иесі 26 жаста

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері клиенттерге интимдік қызмен көрсетіп келген массаж салонын анықтады. Салон иесі 26 жастағы жас қыз болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түнгі рейд кезінде Темірқазық көшесінде тұрған коттедж үйді массаж жасайтын қызмет үшін жалға алынатыны белгілі болды. Қыздар клиенттерге тек масаж емес, белгілі бір бағаға интим қызмет те көрсетіп келген», - деп жазылған ақпаратта.

Салон иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті карантин талаптарын бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеді.