Күдіктінің үйін тексеру кезінде мылтық пен оқ-дәрі, пышақ, аю еті салынған 50-ден астам полиэтилен пакеттері тәркіленді
Заңсыз түрде аңға шығып, аю атып алған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны жазаланды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Шемонаиха ауданында рейд жүргізген табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Большая Речка ауылының маңынан аюдың сүйектерін тапқан көрінеді.
Жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылып, күдікті ретінде 26 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ол жыртқыш аңды тіркелмеген қосауыз мылтықпен атып алған.
«Күдіктінің үйін тексеру кезінде мылтық пен оқ-дәрі, пышақ, аю еті салынған 50-ден астам полиэтилен пакеттері тәркіленді», - деді облыстық Полиция департаментінің өкілдері.
Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.