Үкімді апеляциялық сот өзгеріссіз қалдырды
Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кылмыстық қудалау органымен астаналық азаматқа қасақана кісі өлтіру бойынша айып тағылған.
Істің мән-жайына келсек, ол қызғаныш салдарынан мас күйінде жарына пышақ сұғып, оның соңы өлімге әкеп соққан.
Сот үкімімен елордалық азаматқа адам өлтіргені үшін (ҚР ҚК-нің 99 б. 1 б.) кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айрылды.
Үкімді апеляциялық сот өзгеріссіз қалдырды.