Қазақстанда жыл басынан бері 3 миллионнан астам адам жолда жүру ережесін бұзған

Автор: Azattyq Rýhy

15,2 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылған

Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері құқық қорғау қызметкерлері  3 миллионнан астам жолда жүру ережесін бұзу әрекеттерін анықтаған. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Түсіпов Серік мәлім етті.  

 «Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 3 млн аса жолда жүру ересежін бұзу әрекеттерін анықтады. 119 мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мас күйінде көлік жүргізгені үшін 13 мың жүргізуші ұсталды. Сот 15,2 мың жүргізушіні көлік жүргізуші куәлігінен айырса, 12,5 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  2020 жылдың 9 айы ішінде республика жолдарына 8933 жол апаты орын алып, салдарынан 1265 адам көз жұмып, 11780 адам жарақат алған», - деп атап өтті Түсіпов Серік. 

Әкімшілік полиция қызметінің маманы «Жол апатының басты себебі әдеттегідей жолда жүру ережесін сақтамау» дейді.  

«Жол апатының үштен бір бөлігі жылдамдықты арттыру салдарынан орын алады. Жылдамдықты арттыру кезінде 2833 көлік апаты болып, салдарынан 527 адам көз жұмса, 3018 адам жарақат алған. Жаяу жүргінші жолдарынан өтпек болып 342 адам қайтыс болды», - деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары. 

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан