$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2020, 09:52
Оқиғалар

Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

Сондай-ақ ғимаратты заңсыз ойын бизнесі үшін жалға берген азамат та жауапқа тартылды

Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласында астыртын жұмыс істеген ойынхананы ұйымдастырушылар мен ғимаратты заңсыз ойын бизнесіне жалға берген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.

Бұған дейін жедел шара аясында астыртын жұмыс істеген ойынхана қызметі әшкереленіп, ол жерде ойыншылар мен казино жұмысшылары болғандығы анықталды. Тінту барысында покер ойынына арналған кейс, ойын карталары, фишкалар мен ақшалай қаражат анықталып, тәркіленген болатын.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар астыртын ойынханаға келетін адамдарды қатаң тексеріп, оларды ойынханаға кіргізуі нақты жүйеге қойылған, яғни ол жерге тек тексерістен өткен азаматтар ғана кіретін болған. Ұйымдастырушылар ойыншыларды «WhatsApp» желісі арқылы шақырып, ойынның болатын мекен-жайын айтып отырған. Шақырту алған ойыншылар, ойынханаға келгеннен кейін кем дегенде 50 000 теңге төлеп ойынға қатысатын.

«Аталған қылмысты ұйымдастырушылар мен заңсыз ойын бизнесіне ғимаратты жалға берген азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша жауапкершілікке тартылып, бәріне әртүрлі мерзімде бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген Қаржы мониторингі комитетінің хабарламасында.

Қаржы мониторингі комитеті осы орайда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін және заңсыз ойын бизнесіне ғимаратты жалға бергені үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары