Ажар Керешқызы 90 жасында өмірден өтті
Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың жары Ажар Керешқызы Ілиясова 90 жасында дүние салды. Бұл туралы белгілі журналист Бигелді Ғабдуллин өзінің Facebook-парақшасында хабарлады.
«Әлем әдебиетінің классигі Әбе – Әбдіжәмил Нұрпейісов атамыздың үйіндегі Ажар апай 90 жасында өмірден озды. Ұлы жазушының өмірлік серігі, Музасы болған апамыз белгілі ғалым, химия саласына, ел өнеркәсібіне елеулі еңбек еткен еді. Алдынан жарылқасын. Арты қайырлы болсын!», - деп жазды ол.