Оқиға 3 қазанда болған
3 қазан сағат 17.30-да Ақтөбе – Атырау – Астрахан тасжолының Қызылқоға ауданындағы учаскесінде жол-құрылыс жұмыстары кезінде адам өліміне әкеп соққан апат болды, деп хабарлайды azh.kz.
Асфальт төсейтін техника жүргізушісі байқаусызда учаске басшысының аяғын мыжып кеткен. Оқыс оқиғадан зардап шеккен азамат ауруханаға жеткенде қайтыс болған. Бұл жағдайға байланысты сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.