Зардап шеккендер жоқ
Қызылорда қаласындағы «Орталық қазақ бейіті» аумағы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Облыс орталығындағы А.Тоқмағанбетов көшесінің бойында орналасқан «Орталық қазақ бейіті» аумағында 2 гектарға жуық қураған шөп жанған.
«Өрт 15.24-те толық сөндірілді. Оған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 25 өрт сөндірушісі және 7 техникасы тартылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ», - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы, Қызылорда облысы Жұмылдыру дайындығы басқармасы, жедел жәрдем бригадасы, «Қызылорда тазалығы» ЖШС мамандары жұмыс істеді.