Ол ауыр халде комада жатыр
Шымкентте Қызылсай стансасында бір жасар қызды жүк пойызы қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Отырар» телеарнасына сілтеме жасап.
«Баланың миына қан құйылған. Дәрігерлер оның бас сүйегін тесіп операция жасады. Ол өте ауыр халде орталық балалар ауруханасында комада жатыр», - деп жазылған сайттағы ақпаратта.
Куәгерлердің айтуынша, бала үйде ойнап жүрген. Содан кейін ешкімге көрінбей ауладан шығып кеткен. Тұрғындардың айтуынша, темір жол тұрғын үйлердің ауласына өте жақын орналасқан және бұған дейін тағы бір кішкентай баланы пойыз қағып кеткен.