Оралда екі көлік соқтығысып, 8 адам жарақат алды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың арасында бір жасар бала бар

Фото: ашық дереккөзден

Оралда екі автокөлік соқтығысып, 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға Деркөл-Өскен тасжолы бойында брлды. ВАЗ-2114 және «Лада Приора» автокөліктері соқтығысты. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп жазылған хабарламада.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жол апаты салдарынан жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған бір жасар бала әжесімен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ тағы 6 адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған.