Ол бір аптадан бері табылмай жатыр
Еріктілер Бозайғыр ауылы тумасының жоғалып кеткені туралы хабарландыруды елорданың барлық ауданында таратып жүр.
Із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт – 24 жастағы Файхуллин Владислав. Ол 25 қыркүйек күні Ақмола облысына қарасты Бозайғыр ауылынан Нұр-Сұлтан қаласына шығып кеткен екен. Содан бері оны көрген-білген адам жоқ.
«Владислав Файхуллиннің ерекше белгілері: бойы 179 сантиметр, жасыл-қоңыр көзді, сарғылт шашты, денесінде көп қалы және соқырішектен қалған тыртық ізі бар, асқазаны ауырады», - делінген хабарламада.
Владислав қара түсті спорттық костюм мен қара түсті ұзынша күрте киген.
Жоғалған жігітті көрген немесе оның қайда екені туралы қандай бір ақпарат білген жандар болса, +7 705 550 84 25, немесе +7 701 492 62 49, немесе «102» нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз.