Алаяқтық жасады деген күдікпен 46 жастағы тұрғын ұсталды
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны алаяққа алданып, 130 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған 46 жастағы Өскемен қаласының тұрғынын қолға түсірген. Күдікті өзіне тиесілі емес жылжымайтын мүлікті сататынын айтып, жәбірленушінің 130 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді», - деп жазылған хабарламада.
Полиция тұрғындарға алаяқтардың тұзағына түсіп қалмас үшін барынша абай болу керегін ескертеді.