02.10.2020, 23:20
Оқиғалар
Алматыда үй өртеніп, екі адам көз жұмды
Полицей өртеніп жатқан үйден тағы бір адамды алып шықты
Фото: polisia.kz
Алматыда үй өртеніп, екі адам көз жұмды. Полиция қызметкері өртеніп жатқан үйден зейнеткерді алып шықты. Алайда үйдегі екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Түнгі үштер шамасында Лазарев көшесіндегі жеке үй өртенді. Сонымен қатар үйдің ауласында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Полиция қызметкері өртеніп жатқан үйіне кіріп, зейнеткерді алып шықты», - деп жазылған хабарламада.
Полицей үйдің шатырының астынан жалын шығып жатқанын көріп, алдымен жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын оятқан.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
