Тәртіп сақшылары алаңдауға негіз жоқ екенін айтты
Париж полициясы осыдан бірнеше минут бұрын Франция астанасында естілген қатты дыбыстың (жарылыс) себебін түсіндірді. Полицияның хабарлауынша, қала тұрғындары үшін алаңдайтын ештеңе жоқ.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындарының назарын аударған истребитель даусы екенін жеткізді.
Қала тұрғындары жарылыс даусын естігенін айтып, әлеуметтік желілерде алаңдаушылық білдіріп жатыр. Тіпті, бұл дыбысты Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турниріндегі теннисшілер де естіген. Швейцариялық теннисші Стэн Вавринка мен неміс спортшысы Доминик Кепфердің кездесуі өтіп жатқанда қатты дыбыс шыққан.