Нұр-Сұлтанда жол жиегінде тұрған үш адамды көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер арасында 4 жасар бала бар

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда жол жиегінде тұрған үш адамды көлік қағып кетті. Зардап шеккендердің бірі - 4 жасар бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«37 жастағы әйел рөлге ие бола алмай, үш жолаушыны қағып кетті. 59 жастағы әйел, 33 жастағы ер азамат және 4 жасар бала ауруханаға жеткізілді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.

Айта кетейік, жыл басынан бері астанада жүргізушілердің кінәсінен 185 жол-көлік оқиғасы болған. Зардап шеккендер саны 200-ден асады.