БҚО-да он күн бұрын жоғалып кеткен тұрғын өлі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның денесі өзеннен шығарылды

Фото: баспасөз қызметінен

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Жаңаөмір ауылына жақын маңдағы Барбастау өзенінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ер адамның денесі 26 қыркүйек күні Теректі ауданы Жаңаөмір ауылына жақын маңдағы Барбастау өзенінен табылды. Құтқару жасағы (4 құтқарушы, 1 сүңгуір құралы, 1 техника) 1977 жылғы тұрғынның денесін судан шығарды», - деп жазылған хабарламада.

Ер адам 15 қыркүйекте белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.