Апат кезінде көлікте бес адам болған
Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қайғылы оқиға 25 қыркүйекте Нұр-Сұлтан - Петропавл тасжолында болды. Range Rover автокөлігінің жүргізушісі көлігін басқара алмай қалған. Апат кезінде көлікте бес адам болған», - деп жазылған хабарламада.
Екі адам оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен Көкшетаудағы облыстық ауруханаға жеткізілді.