Шымкенттік тұрғын тістері адамдікіне ұқсайтын балық аулады

Автор: Azattyq Rýhy

Ерекше балық Бадам өзенінен ауланған 

Шымкенттік тұрғын Бадам өзенінен ерекше балық аулады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Отырар» басылымына сілтеме жасап.

«Көлемі бес литрлік пластикалық бөтелкенің көлеміндей балықтың салмағы 1 300 грамм. Пішіні табан балыққа ұқсайды. Желбезектері қызыл түсті. Ал аузын ашып қараған едім, 5 жасар баланікіндей тізбектелген тістерін көріп, шошып кеттім», – дейді Жеңіс Өзденбаев.

Кей тұрғындар бұл балықты пиранха тегінен тарайтын қоңыр паку болуы мүмкін деп болжап отыр.