Ғарышқа арналған әлемдегі алғашқы косметика Жапонияда жасала бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа өнімнің мақсатты аудиториясы - жайлылық пен сыртқы келбетті маңызды ететін бай ғарыштық туристер

Pola Orbis жапондық косметикалық компаниясы елдің ең ірі әуе тасымалдаушыларының бірі All Nippon Airways (ANA)-пен бірге ғарышта да қолдануға болатын әлемдегі алғашқы тері күтімі косметикасын жасау жобасын жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Біздің жоба ғарыштық өмірді әдемі және жайлы етуі керек. Біз салмақсыздық жағдайында және өте құрғақ ғарыштық ортада қолдануға болатын өнімді әзірлеуді бастадық», - делінген хабарламада.

Косметика желісі CosmoSkin деп аталды. Оның сынақтары ANA қамтамасыз ететін ұшақта өтеді. Бұл жағдайда кеме бортында ғарыштағы жағдайға барынша жақын орта жасалады. Компаниялар 2023 жылға қарай жаңа косметика шығаруға ниетті. Жаңа өнімнің мақсатты аудиториясы - жайлылық пен сыртқы келбетті маңызды ететін бай ғарыштық туристер.

Осы жылдың наурыз айында Илон Масктың SpaceX компаниясы AXIOM space фирмасына 2021 жылдың екінші жартысынан бастап Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) туристерді жеткізу үшін Crew Dragon жүк кемелерін ұсынатынын хабарлады. Мұндай турдың ұзақтығы он күн болады: екі күн ұшу және станцияда сегіз күн демалу жоспарланған.