Үш қылмыстық іс тіркелді
Алматы облысының полиция қызметкерлері 15-30 қыркүйек аралығында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел- лдын алу іс-шарасын өткізді.
Табиғатты қорғаушылар алты күн ішінде 76 құқықбұзушылық болғанын анықтады. Оның ішінде заңсыз аң аулау (38), заңсыз балық аулау (16), заңсыз ағаш кесу (15), биоресурс нысандарын заңсыз тасымалдау (5), аңшылық қару алып жүру және тасымалдау тәртібін бұзу (1) бойынша дерек іркелген.
Сондай-ақ полицейлер үш қылмыстық іс тіркеген. Оның екеуі ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша тіркелді. 16 қыркүйек күні Іле ауданының аумағындағы Байсерке ауылының маңында Қызыл кітапқа енген 12 «Іле маринкасын» (балық) аулаған жергілікті тұрғын ұсталды. Ал 20 қыркүйекте Күрті ауылдық округінде 62 жастағы алматылық мінген тұрғынының Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінен Қазақстанның Қызыл кітабына енген - құрып кету қаупі төнген «қарабауыр бұлдырық» түріндегі екі құстың өлі тушасы мен 12 калибрлі мылтық және оның патрондарын табылды. Тағы бір қылмыстық іс заңсыз аң аулағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша Сарқан ауданының аумағында тіркелді. 19 қыркүйекте 38 жастағы тұрғын мінген «Нива» маркалы автокөліктен екі аңшылық мылтық, «Сібір елігінің» еті табылып, тәркіленді. Үш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Нива» және Toyota Land Cruiser Prado автокөліктері сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды.