Екі адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген
Маңғыстау облысында автокөлік түйені қағып кетіп, көліктегі төрт жасар бала қайтыс болды, деп хабарлады Inaktau.kz.
Жол-көлік оқиғасы 9 қарашада Жаңаөзен – Батыр тас жолында орын алды.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешкі сағат 19.00 шамасында автокөлік түйені қағып кеткен. Көлік ішінде төрт адам болған.
Оқиға орнына бірден үш жедел жәрдем қызметі шыққан. Алайда, көмек келгенше зардап шеккен адамдардардың екеуі көз жұмған.
Екі адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.