Оқиға орнынан үш тұрмыстық газ баллоны шығарылды
Павлодарда көрші тұрған екі үйлен өрт шықты. Өртті 27 қызметкер мен 6 техника сөндірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Нариман Мурсалиев хабарлағандай, өрт болған жерден үш тұрмыстық газ баллоны шығарылды.
«101» пультіне Генерал Дүйсенов көшесі, 290 және 292 мекенжайындағы екі жеке тұрғын үйдің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. 150 шаршы метрден жақын орналасқан екі үйдің шатыры ашық жалынмен жанып кетті», - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.