Белгісіз ер адам «103» көлігінің әйнегін сындырған
Ақтау қаласында 8 қараша күні жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасалды, - деп хабарлайды «Лада» ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәрігерлер ауруханаға қайтып келе жатқан кезде шабуыл жасалған.
Белгісіз ер адам мас күйде «103» көлігінің әйнегін сындырған.
Жедел жәрдем жүргізушісі тоқтауға мәжбүр болған. Сол мезетте бұзақы жүргізушіге шабуыл жасаған. Осы мезетте фельдшер құқық қорғау органдарына қоңырау шалып, көмек сұраған.
Осы оқиға Ақтау полиция басқармасында тіркеуге алынып, тексеріс жүргізілуде.