Қазақстан азаматтары қырғыз шекарасында ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тексеру кезінде күдіктілерден 16 миллион теңге табылған

Қырғызстан шекарасында Қазақстанның екі азаматы ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен байланыс және БАҚ бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Вечерний Бишкек»-кесілтеме жасай отырып. 

Қазақстандықтар осы аптада «Чон-Капка – автожол» (Талас облысының Манас ауданы) өткізу бекетінен өтті. Олардың жеке құжаттары дұрыс ресімделмегені белгілі болды. Сондай-ақ, тексеру кезінде күдікті адамдардан 3 миллионнан астам сом (шамамен 16 миллион теңге) табылғаны хабарланды. Күдіктілер ақшаның қайдан шыққанын түсіндіре алмады.