Алматы облысында той кортежінің қатысушыларына айыппұл салынды
Төрт жүргізушіден он әкімшілік құқық бұзушылық анықталған
Алматы облысында той кортежін жүргізгендерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қыркүйекте Қарасай АПБ полицейлері Жандосов к-сінің бойымен келе жатқан үйлену той кортежіндегі ВМW, Mercedes, «Ваз-2107», «Ваз-21014» маркалы автокөліктерінің төрт жүргізушісінен он әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.
«Олардың әрқайсысына тиісті хаттама толтырылды: «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», «Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу», «Көлік құралын құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның басқаруы», - дейді полициядағылар
Төрт көлік те айып тұрағына қойылды.