Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ
17 қыркүйек сағат 20:24-те Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Құрманғазы ауданында жүк көлігінің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен кезде, Атырау – Ақтөбе тасжолының 798 шақырымында Түркиядан Өзбекстанға құрылыс материалдарын тасымалдаған Mercedes-Benz маркалы фура автокөлігінің жанып жатқаны анықталды.
Өрт сағат 23:19 сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 6 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды.