Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған
Шымкентте ішімдік ішіп отырған екі ер адам арасында жанжал шығып, біреуі пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz -ке сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 13 қыркүйекте болған. Жарақат алған ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
«Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 24-бөлігі "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің жездесі болып саналатын күдіктіні ұстады», - делінген хабарламада.
Ұсталған ер адам уақытша тергеу изоляторына қамалған.