Айыпталушы мемлекет мүлкін ұрлап қана қоймай, қымбат бағаға сатқан
Түркістан облысындағы әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлады деп айыпталып отырған кіші сержант 10 жылға сотталуы мүмкін. Мемлекеттік айыптаушы осынша мерзім беруді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтемк жасап.
Бас әскери прокуратураның прокуроры Асылбек Темірбековтің айтуынша, айыпталушының мемлекет мүлкін ұрлап қана қоймай, қымбат бағаға сатқаны толық дәлелін тапқан. Сондай-ақ, ұрланған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді сатып алмақ болды деген күдікті 6-уына 8 жылдан жаза арқалауы мүмкін. Тағы біреуіне 5 жыл сұрады. Соңғысының қылмысты ашуға белсене атсалысуы, жазасын жеңілдетуге сеп болғанын прокурор атап өтті.
«Қазіргі уақытта аталған сотталушыларды кінәлі деп тануға жеткілікті дәлелдеме бар деп есептеймін», - деді ҚР Бас әскерт прокуратурасының прокуроры Асылбек Темірбеков.
Еске салайық, биыл ақпанда Ордабасы ауданы Бадам ауылы маңындағы әскери бөлімнен қару-жарақтар ұрланды. Сол сәтте кіші сержанттың қызмет орнын тастап кеткені белгілі болған еді. Арада күн өтпей күдікті Абылай Балғынбай Алматы қаласынан ұсталған болатын.