Күдікті бұған дейін де қарақшылық, ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған
Текелі қаласының полициясы көше тонаушысын ұстады. 16 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында қалалық полиция бөліміне 65 жастағы жергілікті тұрғын шағымданып, орталық саябақта белгісіз ер адамның шабуыл жасағанын айтқан. Күдікті азаматшаның бетінен ұрып, жеке заттарынан бөлек, ұялы телефоны мен ақшасы бар сөмкесін тартып алған. Шығын көлемінің жалпы сомасы 76 мың теңгеден асып отыр. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.
Ұйымдастырылған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұған дейін де қарақшылық, ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған, Қаратал ауданы Қаратал ауылының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.