17.09.2020, 04:39
Оқиғалар
Петропавлда бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды
Өрттен 25 адам құтқарылды
Фото: баспасөз қызметінен
16 қыркүйекте сағат 11:04-те Петропавл қаласының өртке қарсы қызмет пультіне Мир көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйде шыққан өрт туралы шақыру түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткеннен кейін бірінші қабаттағы пәтерде өрт шыққанын анықтады. Өрт сөндірушілер дереу тұрғындарды жоғары қабаттан құтқара бастады. Автосаты арқылы 25 адам құтқарылды. Баспалдақпен 50 адам эвакуацияланды», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 30 адам және 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді