$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2020, 17:22
Оқиғалар

Қаскелең көпірінен секірмек болған ер адам құтқарылды

Оны құтқаруға туыстары көмектескен

Қаскелең көпірінен секірмек болған ер адам құтқарылды
Фото: polisia.kz

Қарасай аудандық полиция өкілдері өзіне қол жұмсамақ болған азаматты құтқарып қалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

14 қыркүйекте Қарасай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары Б.Жарқынбеков, ППР қызметінің инспекторлары Д. Жапаров және А. Айтен учаскені патрульдеу кезінде Жанғозин көшесінен Қаскелең өзеніндегі көпір арқылы өткен.

«Осы уақытта тәртіп сақшылары көпірдің қоршау бағанынан ары өткен ер адамға назар аударған. Полиция өкілдері жақындағанын байқаған азамат жақындамауын, болмаса секіріп кететінін айтып, айғайлаған. Айта кетейік, бұл тұста көпірдің биіктігі шамамен 25 метрді құрайды. Тәртіп сақшылары жағдайды ушықтырып алмас үшін жақындамаған. Ер адам түсініксіз күйде болған, кейінірек оның ішімдік пен есірткіге масаң күйде болғаны анықталды. Онымен сөйлесу кезінде оның 42 жастағы жергілікті тұрғын екені және оның бұған дейін есірткі сатқаны үшін сотталғаны және өзін-өзі өлтіргісі келетіні белгілі болды», - делінген хабарламада.

Полиция өкілдері ер адамның жеке басын анықтағаннан кейін оның әпкесіне хабарласып, оқиға орнына шақырған.

«Оқиға орнына келген туысы жұбайымен бірге ер адамға жақындап, құшақтаған кезде полиция қызметкерлері оны қауіпсіз жерге шығарып алды. Ол бірден айықтырғышқа жіберілді. Патрульдік наряд сауатты іс-қимылдау арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, өмірден баз кешкен адамның өмірін сақтап қалды», - деп хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары