2018 жылы шартты түрде босатылған азамат заңмен қарастырылған шектеулерге қарамастан, шетел асып кеткен
2016 жылы бұзақылық жасағаны үшін сотталған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғыны Ресейде жүрген жерінен ұсталды. СҚО полициясына қашқынның жүрген жерін анықтауға ресейлік әріптестері көмек берген.
Ол 2016 жылы Черногория Республикасында ұсталып, Қазақстанға келген соң оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 2018 жылы шартты түрде босатылған азамат заңмен қарастырылған шектеулерге қарамастан шетел асып кеткен. Осылайша, ол 2 жыл бойы полициядан қашып жүрген.
Ресейлік полициямен тығыз байланыстың нәтижесінде бұзақылық жасаған азамат Астрахан облысында жасырынып жүрген жерінен ұсталды. Қазір 28 жастағы СҚО тұрғыны елге қайтарылып, Петропавлдағы тергеу изоляторына қамалды. Айта кетейік, бұл азаматқа 2014 жылы да осыған ұқсас қылмысы үшін іздеу жарияланып, Краснодар өлкесінде жүрген жерінен ұсталған.
СҚО полиция өкілдері де ресейлік әріптестеріне қашқын жүрген қылмыскерлерді ұстауға көмек берген. СҚО Полиция департаментінің өкілдері Курганская облысының Петухово қаласында қылмыс жасаған 21 жастағы ресейлік азаматты ұстап берген.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл жыл басынан бері органдардан жасынырып жүрген 35 қылмыскер ұсталған. Олардың 9-ына өткен жылы іздеу жарияланған.