$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2020, 04:16
Оқиғалар

Павлодарда жол апатынан 9 адам зардап шекті

Қалада Газель мен жеңіл автокөлік соқтығысты

Павлодарда жол апатынан 9 адам зардап шекті
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда Газель жолаушылар көлігі мен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қаладағы сауда үйлерінің бірінің жанында микроавтобус пен Ауди көлігі соқтығысып қалды. Газель көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, Ауди көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан 9 жолаушы жарақат алды. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, оқиға орнына төрт жедел жәрдем бригадасы көмекке барған. 1973 және 1983 жылы туған екі ер адам және бес әйел ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ 2014 және 2004 жылы туған екі бала жабық бассүйек-ми жарақатымен Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары