Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында жол апатынан «Москвич» автокөлігінің 79 жастағы жүргізушісі мен оның әйелі қайтыс болды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Апат аудан орталығы Явленка кіреберісіндегі тасжолда болған. Алдын-ала болжам бойынша «Москвич» автокөлігінің жүргізушісі бұрылмақ болғанда, қарсы бағытта келе жатқан «Volvo» ауыр жүк көлігіне жол бермеген. Нәтижесінде 3 көлік соқтығысқан. Үшінші «УАЗ 2106» көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Тағы бір жол-көлік оқиғасы Шал ақын ауданында болды, онда Ұзынжар ауылының маңында «УАЗ 452 А» мен «КамАЗ» көліктерінің соқтығысуынан екі жолаушы қаза тапты. «УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО