СҚО-да мектеп оқушылары зираттағы ескерткіштерді қиратып, бояп тастаған

Автор: Azattyq Rýhy

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері 12 құлпытас пен қоршаудың бұзылғанын тіркеді

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы зиратта ескерткіштер мен қоршаулар бұзылды. Аудан полицейлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен үш оқушыны ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бұзылған құлпытас құрылыстарын жергілікті тұрғындар анықтаған. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері 12 құлпытас пен қоршаудың бұзылғанын тіркеді. Бір ескерткішке акрил бояуы құйылған. Бұдан бөлек, зират жанындағы шағын шіркеудің терезе әйнектері бұзылған. Полицейлер бірнеше күн бұрын мола жақта көзге түскен 10-12 жасар үш жасөспірімді анықтады. Олар өздерінің аталған фактіге қатысы бар екенін растады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қосымша тергеу әрекеттері жүргізілуде, аталған амалдар аяқталған соң түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қайтыс болған адамдарды жерлеген аумақты қорлау фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 314-бабы бойынша енгізілді», - деді Айыртау ауданы ПБ бастығы Абылғазы Ғабдуллин.