БҚО-да жол апатынан 4 адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Үш бала мен 34 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды

Фото: баспасөз қызметінен

Батыс Қазақстан облысында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12 қыркүйек күні сағат 21.00-де«ВАЗ-2109» автокөлігі «MAN» жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнынан төрт адам құтқарылды. 34 жастағы әйел мен 15, 10 және 8 жасар балалар Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.