Қарағанды облысында жаңа туған нәрестесімен бірге жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Ана үйі дағдарыс орталығынан шығып, қайта оралмаған

Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында бір апта бұрын жаңа туған нәрестесімен бірге жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«3 қыркүйек күні Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 44 жастағы әйел хабарласып,  16 жастағы қызының Ана үйі дағдарыс орталығынан  жаңа туған сәбиімен шығып, қайта оралмағанын айтқан.  Оларды іздеп табу үшін облыстық Полиция департаментінің бастығы мобильді топтар құрып, волонтерлер жұмылдырылды», - деп жазылған ақпаратта.

Бала мен ана облыстағы ауылдардың бірінен табылды. Қазіргі уақытта екеуі де қыздың ата-анасының қамқорлығына берілді.