Оқиғаға қатысы бар барлық фигуранттар ұсталды
Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы сауналардың бірі келушілерге интим қызмет ұсынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әйел қонақ үй қызметтерін ұсыну саласындағы заңды қызметінің сылтауымен жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырып, ұстаған. Аталған дерек 11 қыркүйекте Алматы облысы аумағында «STOP трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды.
«Бесағаш кентіндегі сауналарының бірінде қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін ұсынған әкімші ұсталды. Барлық фигуранттар ұсталды. Мекеме әкімшісіне қатысты тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіледі», – деп хабарлады Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығы Асхат Данияр.
Айта кету керек, полицияның мәліметіне сәйкес, 10-12 қыркүйек аралығында, яғни екі күн ішінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны және жеңгетайлық жасағаны үшін үш қылмыстық іс қозғалған.