Үш адам ауруханаға жатқызылды
Ақтөбе - Атырау тасжолында екі көлік соқтығысып, 39 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«32 жастағы жүргізуші Алға ауданы Бестамақ ауылының маңында қарсы бағытқа шығып, «Фольцваген-Пассат» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккен үш адам Алға қаласының ауруханасына жатқызылды. Ал 39 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды», - деп жазылған ақпаратта.