Алматы облысында жоғалып кеткен 17 жастағы жігіт өлі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 30 тамыз күні жоғалып кеткен еді

Фото: polisia.kz

Алматы облысында жоғалған 17 жастағы жігіт өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«11 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 45 жастағы тұрғыны полицияға Шелек ауылынан үш шақырым жердегі көл жағасынан жас жігіттің денесін тапқанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің хабар–ошарсыз кеткен 17 жастағы Равиль Абумуслимовқа тиесілі екенін анықтады», - деп жазылған ақпаратта.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 

Айта кету керек, Равиль 30 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жоғалып кеткен.