Ақмола облысында 80 жастағы әжей темекі тартамын деп үйін өртеп жіберді

Қазір ол ауруханада емделіп жатыр

Ақмола облысында 80 жастағы әжей темекі тартамын деп үйін өртеп жіберді

Ақмола облысының Есіл қаласында 1940 жылы туған әйел пәтерінде шылым шегіп, үйді өртеп жіберген, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға 9 қыркүйек күні Мырзашев көшесіндегі үйде болған.

Өрт сөндірушілерді түтінді байқаған көршілері шақырыпты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар пәтерден ес-түссіз жатқан әжейді тауып, дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Артынша ол ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты деп бағалап, өміріне ешқандай қауіп жоқ деді.

Мамандар өрттің шығу себебін төсекте жатып темекі тартқаннан болуы мүмкін деген болжам айтты. 2 қыркүйек күні зейнеткердің үйіне ТЖД қызметкерлері келіп, профилактикалық жұмыстар жүргізген екен. Алайда, соған қарамастан осындай оқиға болған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.