$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.09.2020, 02:15
Оқиғалар

Қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 1600-ден астам ақмолалық жазаланды

Жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында ұсақ құқық бұзушылық жасағаны үшін 63 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 1600-ден астам ақмолалық жазаланды

Ақмола облысында қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 1600-ден астам тәртіп бұзушы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында ұсақ құқық бұзушылық жасағаны үшін 63 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде, қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 1680-нен астам тәртіп бұзушы ұсталды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 3000-нан астам адам, оның ішінде 119-ы әкімшілік қамауға алынды, 3127-іне айыппұл салынды. 

Қоғамдық орындарда қоқан-лоққы жасағаны үшін 600-ден астам әкімшілік іс қозғалды. Белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін-90-нан астам адам жауап берді. 

Серіктес жаңалықтары