COVID-19-бен ауырған Өскемен әкімінің орынбасары иммундық плазманың доноры болды

Автор: Azattyq Rýhy

Эльдар Төлеубеков жақында облыстық қан орталығына барып, өзгелерге өтеусіз қан берді

Жақында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына иммундық плазманы тапсыру үшін Өскемен қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Эльдар Төлеубеков келді.

«КВИ-дан сауыққаннан кейін коронавирустың ауыр түрімен ауыратын науқастарға тезірек сауығуға көмектесетін антиденелер болуы мүмкін екенін білгенде, мен дереу қан орталығына иммундық плазманы тексеріп, тапсыру үшін келдім. Донорлық қозғалыс адамдардың тағдырына бей-жай қарамайтын, өз қанын бере отырып, өзгелердің өмірін құтқаруға ұмтылатын, жақындары мен достарына донорлық туралы айтатын, басқаларға ерікті және өтеусіз қан беру шынайы адамгершілік әрекет екенін түсінетін адамдарды біріктіреді», - дейді Эльдар Төлеубеков.